Голендов пен Ергучев Азиаданың күміс жүлдегері атанды

801

1000 метрге екі адам болып жарысуда Илья Голендов пен Андрей Ергучев күміс жүлдегер атанды.

Голендов пен Ергучев Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Байдарка мен каноэде ескек есуден Палембангта өтіп жатқан финалдық кезеңде Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

1000 метрге екі адам болып жарысуда Илья Голендов пен Андрей Ергучев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшылардың алдын қытайлықтар орап кетті.

И. Голендов пен А. Ергучев жұбының көрсеткіші - 3.23.815. Ал алтын жүлде алған Қытай командасының уақыт көрсеткіші - 3.23.601.

Қола жүлде Өзбекстан командасының еншісінде. 

Еске сала кетейік, бүгін таңертең төрт адамдық сында Қазақстан командасы алтын жүлдегер атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу