Енді еліміздегі мұнай-химия саласындағы қазақстандық қызметкерлер Голландияның Золли қаласынан тағылымдамадан өте алады. Бүгін елордада өткен бизнес-форумда екі ел арасында осы мәселе төңірегінде меморандумға қол қойылды. Келісім голландиялық Куэрсус Техникал Сервисес өкілдері мен Еділ-Орал.кз компаниясы арасында жасалды. Отандық компания директоры Байзулла Амангалеевтің айтуынша кәсіпорын Атыраудағы түрлі бизнес-жобаларға 10 млн доллар салған. Негізгі бағыттар тренинг орталықтары мен электромоторлар жөндейтін шеберханалар құрылысы.
Байзулла Амангалеев "Еділ-Орал.kz" директоры:
"Біз қол қойған бұл меморандум екі елге мұнай-химия секторында ынтымақтастыққа жол ашады. Қазақстанда өз ісімізді, бизнесімізді алға жылжытып, осы саланы дамытпақпыз. Голландиялық компания бізге сала бойынша қолдан келген көмегін аямауға уәде мен мүмкіндік берді"