Бреда қаласындағы қолөнер Университетінде Қазақстан елшілігінің бастамасымен "Қазақстандағы туризм" тақырыбында студенттердің жыл сайынғы III байқауы өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, байқауға туризм және қонақ үй бизнесі факультетінің 100-ге жуық студенті қатысты.
Шараның мақсаты – Қазақстанның туристік әлеуетін голландиялық туроператорлар арасында ашу. Байқау аясында Қазақстан туралы материалдар қаралды, елдің туристік әлеуеті бойынша танысытырылым өтіп, Қазақстанның туристік нарығының әлеуеті алға тартылды.
Байқаудың жеңімпазы "Қазақстандағы Экотуризм" тақырыбындағы жобаны таныстырған болатын.
"Жобада елдің басты мәдени жерлері, Ұлы даланың көркем табиғаты мен тау-қыраттары бейнеленген", – дейді СІМ өкілдері.