Голландия үкіметі ауған босқындарын Өзбекстанға жібермек

174

Голландия үкіметі баспана берілмеген ауған азаматтарын депортациялау туралы Өзбекстанмен келісім жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

Голландия үкіметі ауған босқындарын Өзбекстанға жібермек Фото: weekly.uz

Бұл туралы Нидерланд елінің Көші-қон және баспана министрі Марьолейн Фабердің мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Босқын мәртебесі берілмеген ауғандарды депортациялау мәселесі бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келеді. Ауғанстан сынды елдер, әсіресе Талибан 2021 жылы билікке келгеннен кейін өз азаматтарына құлық танытпай отыр. 

Осыған байланысты Нидерланд басқа да Еуропа елдері сияқты баспана беруге рұқсат алмаған мигранттарды депортациялаудың балама жолдарын іздестіруде. Осы жолдардың бірі – Өзбекстанмен келісім болуы мүмкін. Нидерланды үкіметі Ташкент елден депортацияланған ауған азаматтарын өз аумағында қабылдауға келіседі деп күтуде.

Бұған дейін Германия Өзбекстанмен де осындай келісім жасасқан болатын. Келісімге сәйкес Берлин Ташкенттің ауғандық босқындарды депортациялауға көмектескені үшін Өзбекстан азаматтарына арналған визалық режимді жеңілдетуге міндеттеді.

Неміс билігі, голландиялық әріптестері сияқты, Ауғанстандағы билікті бақылайтын Талибанмен тікелей келіссөздерден аулақ болуға тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу