Голландиялық компания Қазақстанда кәсіпорнын ашады

1068

Келісім Қазақстан-Голландия бизнес-форумы аясында жасалды.

Голландиялық компания Қазақстанда кәсіпорнын ашады

Гаага қаласында Қазақстан-Голландия бизнес-форумы өтті. Қазақстандық өкілдер Голландия компанияларымен жобалар бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін жеткізді.

"Біз Голландия компанияларын Қазақстанда көруге қуаныштымыз және бірлескен жобалар мен бастамаларды қаржыландыруға дайынбыз. Мәселен, бүгін таңертең қазақстандық "K-Agro" компаниясы мен голландиялық "Farm Fries" компаниясы Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін шығару мен қайта өңдеу кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Холдинг "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "ҚДБ-Лизинг" АҚ еншілес ұйымдары арқылы осы жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруға дайын", – деді жиында сөз алған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.

Холдинг басшысы форумға қатысушыларды келесі жылы Нұр-Сұлтанда өтетін Берн одағының отырысына шақырды.

"Біздің еншілес ұйымымыз "KazakhExport" ЭСК" АҚ - Берн Одағы мен Aman Union – әлемдегі ең ірі экспорттық кредит агенттіктері қауымдастығының мүшесі. 2020 жылы KazakhExport Берн одағының төрағасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласында Берн одағының отырысын өткізеді. Сондықтан біз қонақтардың арасында голландиялық банктер мен сіздің елдің даму институттарын көруге қуаныштымыз", – деді "Бәйтерек" холдингінің басшысы.

Сөз соңында спикер "Бәйтерек" холдингі инфрақұрылым мен индустриялық жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға мүдделі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу