Голландиялық раушан өсіретін жылыжай кеңейтіледі

980

Голландиялық раушан өсіретін жылыжай кеңейтіледі

Павлодар облысында Екібастұздағы танымал голландиялық раушанды өсіретін жылыжай кеңейтіледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Жүзденбаев айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Қазіргі таңда бұл кәсіпорын кеңеюде. Ағымдағы жылы қызанақ өсіретін 5 га алқап іске қосылады. Болашақта жылыжай аумағын 35 га дейін жеткізу жоспарлануда", - деді спикер.

О.Жүзденбаев атап өткендей, бұл жылыжайдың артықшылығы ол Екібастұз ГРЭС-тің жанында орналасқа – яғни, жылу мен электр тоғы қол астында деуге болады.

Спикер Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан тағы бір инвестициялық жоба туралы айтып берді.

"Бүгінде "Галицкое"ЖШС екі жел қондырғысын алумен айналысуда. Әрқайсысының қуаттылығы 1 Мвт болатын қос жел қондырғысы Германиядан әкелінеді. Бүгінде барлық жобалық жұмыстар аяқталған, іргетасы қаланып қойылды. Айдың соңына дейін тапсырысымыз келіп, оны орнататын боламыз деген ойдамыз", - деп атап өтті О. Жүзденбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу