Голливуд пен америкалық теледидар актерлері ереуілдің басталғанын жариялап, жалақыны көтеруді және кино саласында ЖИ мүмкіндіктерін пайдалануды шектеуді талап етті, деп жазады Inbusiness.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Екі ай бойы наразылықтарын білдіріп келген сценаристерге енді Голливуд пен америкалық теледидардың 160 мыңнан астам актерлері қосылды. Олар түсірілімдерін тоқтатып, жарнамалық кампанияларға мен тұсаукесерлерге қатыспайтындарын жариялады.
Біріккен SAG-AFTRA киноактерлер гильдиясы мен америкалық теледидар және радио әртістері Федерациясының кәсіподағы киностудиялармен жалақыны көтеру және кино жасау кезінде жасанды интеллектті пайдалануға шектеулер туралы келіссөздер сәтсіз аяқталды ереуілдің жаңа толқынын жариялады.
Кәсіподақ ереуілге шығу туралы шешім қабылдағаннан кейін, "Оппенгеймер"фильмінің актерлері Киллиан Мерфи, Мэтт Дэймон мен Эмили Блант Лондондағы тұсаукесерге қатысудан бас тартты.
Жалақы туралы келіссөздер, ең алдымен, кішігірім рөлдер мен қосымша актерлерге қатысты, өйткені Голливуд жұлдыздарымен келісім-шарттар ерекше шарттармен жасалады, бірақ олардың көпшілігі әріптестерін қолдап, ереуілге қатысатынын жариялады.