Енді олар жақын арада қайта жұмысқа кірісуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
"Біз жеңіске жеттік деп мақтанышпен айта аламыз, өйткені барлық салалардағы жазушылар кәсіподағына кіретін әр адамды қорғауға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткіздік", - делінген Голливуд Сценаристер одағының (WGA) хатында.
Хатта келісім жайлы егжей-тегжейлі жазылмаған, бірақ құжат бар жағынан пысықталып жатқаны, соңғы шешім ұйым мүшелерінде қалатыны айтылады.
"Гильдия бұған тікелей рұқсат бергенге дейін ешкім жұмысқа оралмауы керек. Біз ереуілді жалғастырамыз, бірақ бүгіннен бастап WGA пикеттерін тоқтатамыз", - деп түсіндірді кәсіподақ.