Голливуд сценаристері ЖИ-ге қарсы ереуілге шықты

587

Мұндай соңғы ереуіл 15 жыл бұрын 100 күнге созылып, Калифорния экономикасына 2 миллиард доллардан астам шығын әкелді. 

Голливуд сценаристері ЖИ-ге қарсы ереуілге шықты Фото: Уикипедия

Американың Жазушылар гильдиясы мен ең танымал Голливуд студиялары жалақы тұрғысында бір келісімге келе алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Голливудтың мыңдаған кино және телесериал сценаристері алатын жалақыларын көтеруді талап етіп, киностудиялармен келісе алмай ереуілге шықты.

1 мамырда Америка Жазушылар гильдиясы мен Уолт Дисней және Netflix сияқты студиялар арасындағы келісімшарт аяқталды. Соңғы бірнеше аптада тараптар жаңа келісімге келу үшін келіссөздер жүргізуде, бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Гильдия статистикасына сәйкес, телехикаялар сценаристерінің жартысы қазір ең төменгі жалақыға жұмыс істейді.

Жасанды интеллект - келіссөздер үстеліндегі тағы бір мәселе. Кәсіподақ студиялардың сцеаристердің алдыңғы жұмыстарына негізделген жаңа сценарийлерді жазу барысында жасанды интеллектті пайдалануды тоқтатқандарын қалайды. Ал соңғылары ЖИ көмегімен жазылған сценарий жобаларын қайта жазуға шығындалғылары келмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу