Голливудта жұдырықтасатын қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

760

Голливудта жұдырықтасатын қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедовтің (11-0, 8 КО) қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз Голливудта (Калифорния штаты) америкалық боксшы Хорхе Эскалантемен жұдырықтасады, деп хабарлайды vesti.kz.

"Hollywood Fight Nights 2" бокс кеші 8 тамызда өтеді. Али мен Хорхе арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Сондай-ақ бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ.

Бокс кешін қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің 360/K2 Promotions компаниясы ұйымдастыруда.

Алидің қарсыласы аса танымал боксшылар қатарынан емес. Жасы - 33-те. Кәсіпқой бокста бар болғаны 10 жекпе-жек өткізген. 9-да жеңіп, 1-де ғана ұтылған.

Айта кетейік, Али Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Алматыда өткен бокс кешінде әзірбайжандық боксшы Исмат Эйнуллаевты ұтты. Қазіргі таңда Big Bear лагерінде Геннадий Головкинмен бірге жаттығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу