Голливудтың "Даңқ аллеясы" жаңа жұлдызбен толықпақ

530

Аллаеяға "Звездные войны" фильмімен танымал Кэрри Фишердің жұлдызы орнатылады.

Голливудтың "Даңқ аллеясы" жаңа жұлдызбен толықпақ Фото: lenta.ru

2016 жылы қаза тапқан актрисаға биыл Голливудтағы "Даңқ аллеясында" жұлдыз берілетін болды. Салтанатты шара 4 мамыр күні - жанкүйерлер жариялаған "Звездные войны" күнінде өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz. 

Жұлдыздың берілу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі, оған актрисаның қызы, "Американская история ужасов" телесериалынан танымал актриса Билли Лурд қатысады. Жұлдыз Кэрри Фишердің анасы Дебби Рейнольдстың жұлдызы мен Люк Скайуолкердің рөлін сомдаған Марк Гамиллдің жұлдызымен жақын жерде орналасатын болады.

Кэрри Фишер 2016 жылдың 27 желтоқсанында 60 жасында қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу