Головкин – Альварес жекпе-жегінің ең қымбат билеті 1,5 доллар

680

Головкин – Альварес жекпе-жегінің ең қымбат билеті 1,5  доллар

Головкин – Альварес жекпе-жегінің ең қымбат билеті 1500 долларға сатылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Hoylosangeles.com басылымының мәліметінше рингке жақын орындар 1500 доллардан сатылады. Ал ең арзан билеттердің құны – 100-200 доллар. Бұл – бастапқы мәліметтер. Алдағы екі аптаның ішінде билеттер ресми сатылымға шығады.

Айта кетейік, кәсіби бокста көптен күткен жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. Аталған ғимарат 20 мың адамды сыйғыза алады. Осы жекпе-жектің билеттері әлі сатылымға түспесе де, T-Mobile Arena-ның ресми сайтына қайта-қайта кіріп, билеттерді күтіп жүрген бокс жанкүйерлері көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу