Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады, яғни, оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.
Оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сонымен бірге Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған. Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекет бюджеті ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асып жатыр.
Ал жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтқанда, ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ҰОК тілге тиек етті.