Головкин әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасатын болды

610

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта бос қалған әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасында жекпе-жекті белгіледі. 

Головкин әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасатын болды

Бұл туралы ESPN шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Головкин – Деревянченко жекпе-жегі бойынша шешім кеше қабылданды. Енді боксшылардың командалары жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды таңдауы қажет. Бұл үшін оларға 30 күн уақыт берілді, егер тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді. 

IBF титулы 1 тамызда бос қалды, осы күні ұйым белбеуді мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) міндетті қарсылас Деревянченкомен келісе алмағандықтан тартып алған еді. Бұл белбеуді ол 5 мамырдан бері иеленген болатын.

Деревянченко IBF титулына міндетті қарсылас дәрежесіне ұйым ретингіндегі бірінші орынға байланысты жетті. Тізімде екінші орын бос, ал үшіншісінде Головкин көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу