Головкин - Альварес рематчына билет сатылымы басталды

466

Головкин - Альварес рематчына билет сатылымы басталды

WBA / WBC / IBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес рематчы үшін билеттер сатылымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Билеттер бағасы 300, 500, 700, 800, 1500, 2000, 2500 және 5000 долларды құрайды.  300-ден 500 долларға дейінгі билеттер саны бір адамға екеу, ал қалған санаттарда - сегізден аспауға тиіс.

Билетке axs.com арқылы тапсырыс бере аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді (16 қыркүйек таңертең Қазақстан тұрғындары үшін HBO PPV ақылы хабар тарату жүйесінде көрсетіледі).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу