Головкин Альвареспен жекпе-жектен соң карьерасын аяқтауы мүмкін

783

 Головкин Альвареспен жекпе-жектен соң карьерасын аяқтауы мүмкін

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин карьерасын аяқтау туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады. "Жекпе-жектен кейін аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да бек мүмкін. Жағдайым жақсы. отыздамын, бірақ әлі де 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі", - деді Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу