Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек биыл өтуі мүмкін. Мұны боксшымыздың бапкері Абель Санчес мәлім етті, деп хабарлайды vesti.kz.
"Бокс жанкүйері ретінде Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек биыл өтеді деген үміттемін. Ал Геннадийдің бапкері ретінде Том Леффлер не ұсынатынына қарауым керек және ол Билли Джо Сондерс болғанын күтемін. "Канеломен" жекпе-жек – бокс әлемінде барлығы тағатсыздана күтіп отырған үлкен оқиға. Рингке шықпай тұрып, мұнымен ештеме істей алмаймын", – дейді Санчес On The Ropes Boxing Radio берген сұхбатында.
Сонымен қатар бапкер Головкиннің алдағы жоспары және Джекобспен қарымта кездесу жайлы айтып берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу