Головкин биыл Джейкобспен жұдырықтаспайды

992

Головкин биыл Джейкобспен жұдырықтаспайды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

Оның айтуынша, орта салмақта WBA "тұрақты" чемпионы белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) келіссөздер күткендегіден ұзаққа созылып жатыр. Сол себепті қос боксшының арасындағы жекпе-жек келесі жылдың басына ауыстырылады. Әуел баста кездесу осы жылдың 10 желтоқсанында өтеді деп жоспарланған болатын.

"Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобсқа қарсы өткізеді. Оған дейін кездесу өткізу мүмкін емес, себебі WBA оны Джейкобспен қолғап түйістіруге міндеттеді. Геннадий – қазіргі бокстағы ең белсенді чемпион, алайда белгілі бір міндеттемелер қойылған кезде, келіссөздер ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Бұл келіссөз де біз ойлағаннан ұзаққа созылды. 10 желтоқсанға дейін тым аз уақыт қалғандықтан, жекпе-жекті келесі жылға қалдырдық", - дейді Леффлер.

Джейкобстың бапкері Андре Розье де шәкіртінің биыл Головкинмен кездеспейтінін растады. Оның себебін бапкер уақыт тапшылығымен түсіндіріп отыр, деп жазады vesti.kz.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу