Головкин-Джейкобс кездесуінің болжалды күні айтылды

1068

Головкин-Джейкобс кездесуінің болжалды күні айтылды

Еліміздің айтулы боксшысы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Fighthype.com порталына берген сұхбатында өзінің тәлімгерінің америкалық Дэниел Джейкобспен қашан кездесетінін айтты, деп хабарлайды  Sports.kz. сайтына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат".

"Мен кездесу өткізу мәселесі бойынша ортақ келісімге келеміз деген ойдамын. Егер сайыс наурыз айында өтеді деп жоспарласақ, ол мүлдем өтпейді", – деді Санчес.

Айта кетейік, HBO бұл күнді 10 желтоқсан деп белгілеген болатын. Алайда, промоутерлер Том Лефлер мен Эл Хэймон кірістерді бөлісу мен кездесу өтетін орын бойынша ортақ мәмілеге келген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу