Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің билеттері сатылатын күн белгілі болды

815

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің билеттері сатылатын күн белгілі болды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA "тұрақты" чемпионы белбеуінің иегері, сол салмақтағы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) айқасына билеттердің сатылымға шығатын күні жарияланды, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

18 наурыз сенбі күні кешке өтетін боксқа билеттер сатылымы 24 желтоқсан күні басталады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның ең төменгі бағасы 100 долларды құрайды. Ал қымбат билет құны 1 000 долларға жетеді. Билеттерді Madison Square Garden кассаларында, сондай-ақ Ticketmaster.com сайтында сатып алуға болады.

Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы тікелей көрсетілім (PPV) арқылы көрермендердің назарына ұсынады. Көрермен тікелей көрсетілім үшін 54,95 доллар төлеуі қажет.

Айта кетейік, Madison Square Garden 17-18 мың адамға арналған. Бокс болған уақытта аренаға 20 мыңға дейін адам сыяды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу