Головкин Джейкобспен екінші рет айқасуға дайын екенін мәлімдеді

604

Головкин Джейкобспен екінші рет айқасуға дайын екенін мәлімдеді

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жегі туралы пікірін білдірді.

"Үлкен жекпе-жек өтті. Бұл - бокс. Маған дәл осындай айтулы кездесулер қажет болатын. Дэнни мықты боксшы. Алғаш рет өзімді сынақтан өткіздім. Егер Дэниел екінші рет айқасқысы келсе, мен оған дайынмын", ­– деді Головкин.

Осы жеңісінен кейін Геннадий америкалық Бернард Хопкинстің (55-8-2, 32 КО) орнатқан рекордына жақындай түсті. Хопкинс 1995-2005 жылдар аралығында орта салмақтағы белбеулерін 20 рет қорғаған. Ал қазақстандық боксшы осымен 17-ші рет титулдарын қорғап отыр.

Осы жолы Головкин төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал Джейкобс карьерасында екінші мәрте қарсыласына есе жіберді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу