Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко кірді.
Америкалық espn.com спорт сайты барлық салмақтағы кәсіпқой боксшылар арасында (P4P) әлем үздіктерінің рейтингін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz.
Тізімді отандасымыз Геннадий Головкин бастады. Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген.
ESPN рейтингі:
1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО).
2. Андре Уорд (31-0, 15 КО).
3. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО).
4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО).
5. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО).
6. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО).
7. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО).
8. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО).
9. Кит Турман (28-0, 22 КО).
10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).
Айта кетейік, Головкин 19 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңген еді. Бұл – Головкиннің кәсіпқой бокста өткізген тұңғыш 12 раундтық жекпе-жегі.