Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен болатын алдағы жекпе-жегінде бокстасу мәнеріне өзгерістер енуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазды Sports.kz.
"Хулио Сесар Чавес бір стильмен жүзден аса жекпе-жек өткізді және ол ең мықты мексикалық боксшы. Головкин алдағы жекпе-жекте бірден шабуылға шығып, қарсыласын нокаутқа түсіруге тырысады. Біз тағы да бірінші жекпе-жектегі сияқты жеңіске жететін боламыз", – деді Абель Санчес.
"Канело" мен GGG екінші жекпе-жектерін 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізеді. Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды.