Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі өтпейтін болса, боксшымыз келесі салмаққа ауысуы мүмкін. Мұны отандасымыздың бапкері Абель Санчес мәлімдеді.
"Геннадий орта салмақтағы барлық белбеуді иеленген соң, бұл дивизионда қалудың еш мәнісі болмайды. Билли Джо Сондерспен кездесу биыл маусым айында өтсе, GGG екінші орта салмаққа ауысады. Ал "Канелоның" командасымен келісімге келе алсақ, бұл жекпе-жекті де өткіземіз. Олай болмаса, супер орта салмаққа ауысамыз", – дейді Абель Санчес.
Айта кетейік, Головкин – Сондерс жекпе-жегі маусым айында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына орай өтуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу