Головкин келесі жекпе-жегіне келіссөз жүргізу үшін Далласқа аттанды

908

Головкин келесі жекпе-жегіне келіссөз жүргізу үшін Далласқа аттанды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин командасымен бірге Далласқа аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Техас штатында боксшы Tecate сырасының мерекелік шарасына қатысады. Одан кейін промоутері Том Леффлер мен жаттықтырушысы Абель Санчеспен бірге келесі жекпе-жегіне келіссөз жүргізетін болады.
"GGG командасы тағы бірге. Tecate шақыруымен мерекелік шараға қатысып, соңынан келесі жекпе-жекті өткізетін жерді таңдау бойынша келіссөздер жүргіземіз", - деп жазды Леффлер.
Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль Альвареске  қарсы өткізіп, тең түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу