Головкин командасындағы қазақстандық боксшы жаңа салмақта жеңіске жетті

468

23 жастағы Ахмедовтың қарсыласы сегізраундтық кездесуде америкалық 37 жастағы Майк Гай болды. 

Головкин командасындағы қазақстандық боксшы жаңа салмақта жеңіске жетті

Кәсіпқой бокста жаңа салмаққа ауысқан қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы Ахмедовтың қарсыласы сегізраундтық кездесуде америкалық 37 жастағы Майк Гай болды. 

Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Голивудта Hollywood Fight Nights шоуы аясында ұйымдастырылды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ахмедов 80-72, 79-73, 78-74 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы жаңа салмақта бірінші рет өнер көрсетті, бұрындары ол жартылай ауыр дивизионда өнер көрсетіп келді.

Осылайша, Ахмедов 14 кездесудің барлығында (10 КО) да жеңіске жетті. Гай болса спорттық мансабында төртінші рет жеңіліке ұшырады. Ол бұрындары тоғыз рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. 

Айта кетейік, Ахмедов Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) тиесілі GGG Promotions компаниясының атынан өнер көрсетіп жүр. Жартылай ауыр салмақта ол WBC жастар белбеуін иеленген және үздік 15 боксшылар рейтингіне кірген. 

Hollywood Fight Nights шоуын GGG ісін жүргізуші Том Леффлерге тиесілі 360 Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу