Головкин мен "Канело" қарымта жекпе-жекке киетін қолғаптарын таңдады

732

Қос боксшының былғары қолғаптары тексеріс үшін Невада штатының Атлетикалық комиссиясына (NSAC) жіберілді.

Головкин мен "Канело" қарымта жекпе-жекке киетін қолғаптарын таңдады

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпоны қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 15 қыркүйектегі қарымта жекпе-жекке киетін былғары қолғаптарын таңдады, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

ESPN Deportes ақпараты бойынша, қос боксшының былғары қолғаптары тексеріс үшін Невада штатының Атлетикалық комиссиясына (NSAC) жеткізілді. Жекпе-жекке он күн қалғанда жеткізілген қолғаптар тексерістен өтті.

Осылайша, Головкин Grant қолғаптарын киетін болды. Мұндай марканы ол 2017 жылы Альвареспен алғашқы жекпе-жекке де киген. Мексикалық та былтыр қазақстандықпен жұдырықтасқанда киген Winning қолғаптар маркасын таңдады.

Алайда бастапқыда Альварес "Бокс жоқ жерде өмір жоқ" (No Boxing No Life) қолғаптарын кимек болған. Бұл қолғаптарды оның бапкері Эдди Рейносо жасап, Мексикада жасалған еді. Алайда тесттен лайықты түрде өтпегендіктен, NSAC бұл қолғаптарды киюге рұқсат бермеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу