Головкин мен Альварес баспасөз мәслихатынан бас тартты

844

Головкин мен Альварес баспасөз мәслихатынан бас тартты

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қарымтаға дейінгі баспасөз-конференциясын өткізуден бас тартты. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлімдеді, деп хабарлайды Boxingnews24.com-ға сілтеме жасаған vesti.kz.

Промоутердің айтуынша, боксшылар жекпе-жектің соңғы аптасына дейін кездеспеу туралы шешім қабылдаған, себебі олар бір-бірін көргісі келмейді екен. Боксшылар ешқандай да жарнамалық акциялар да жүргізбейтін болды.

Басылым мәліметінше, осылайша, Головкин мен Альварес НВО арнасының бағдарламаларына қатыспайды.

Еске салайық, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста биылғы 15 қыркүйекке белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу