Головкин мен Альварес қарымта жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді

671

Головкин мен Альварес қарымта жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді

Орта салмақта  WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командасы боксшылардың екінші жекпе-жегін өткізу жайында келісімге келіп, өтетін уақытын мақұлдады. Бұл жайында Fox Deportes басылымы хабарлады, деп жазады vesti.kz.

Басылым ақпараты бойынша қос боксшы арасындағы екінші кездесу мамыр айының басында өтеді. Осыған дейін айтылғандай, 5 мамыр күнгі Мексиканың ұлттық мерекесі Синко де Майомен тұспа-тұс келетін секілді.

Канелоның командасы жекпе-жек келісіміне қол қойса, ресми түрде хабарланатын болады. Ал бұл бокс кешінің қайда өтетіні әзірге белгісіз. Қос боксшының шаршы алаңдағы текетіресін Далластағы  AT&T Stadium, Нью-Йорктегі Madison Square Garden, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешендері қабылдауға ниетті. Ал Геннадий Головкин бір сөзінде Сауль Альвареспен Мексика жерінде де жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең нәтиже тіркелген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу