Лас-Вегастағы бокс кешінде мексикалық боксшы Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО) өзінің отандасы кіші Хулио Сесар Чавесті (50-2-1, 32 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Олар кэтчвейтте - 164,5 фунт салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Судьялардың бірауызды шешімімен "Канело" жеңімпаз атанды. Бұл оның мансабындағы 49-шы жеңісі болса, Чавес кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіліске ұшырады. Альварестің келесі қарсыласы WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу