Головкин мен Альварес рингте қайта кездесетін болды

743

Головкин  мен Альварес рингте қайта кездесетін болды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес реваншы қай күнге белгіленгені жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

RingTV мәліметінше, Синко де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы, 1862 жылы 5 мамырда Пуэбле шайқасында мексикалық әскердің жеңіске жетуіне байланысты тойланады) мерекесінде боксшылар реванш өткізеді. 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, осы күні үлкен шара өткізуге әбден лайықты мерзім. 

"Жақсы мерзім. Бұл спорттың басқа түріне еш кедергі келтірмейді. Бұл күні Кентукки Дерби болады, бірақ америкалық футболдан жарыс жоқ, ал бейсбол тек сәуірде басталады. Баскетболдың плей-офф кезеңі өтіп жатады", - деді Гомес. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу