ESPN Deportes ақпараты бойынша, келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің өкілдері кездесу өткізіп, боксшылардың күзгі реваншын ұйымдастыруды талқылайды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтемемен ҚазАқпарат.
Жекпе-жек сенбі, 15 қыркүйек күні, Мексика тәуелсіздігі күні қарсаңында болады. Осылайша, қазақстандықтар рематчты 16 қыркүйек күні таңертең тамашалай алады. GGG мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі былтыр осы күні өткен болатын.
Алғашқыда қазақстандық пен мексикалық 5 мамырда айқасады деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкиннің промоутері екінші айқас үшін "Канелоға" қатаң шарт қойды.