Головкин мен Альварестің жекпе-жектен кейінгі допинг сынамаларының қорытындысы шықты

805

Головкин мен Альварестің жекпе-жектен кейінгі допинг сынамаларының қорытындысы шықты

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жекке дейін және өткеннен кейін допинг сынамаларынан сәтті өтті,  деп хабарлайды  Qsport.kz. 

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Допинг сынамаларын ерікті түрде тестілеу ассациациясынан (VADA) есеп алған. Головкин мен Альварес "Таза бокс" бағдарламасына қатысқан. Осы бағдарлама аясында чемпиондар мен WBC титулына үмітті боксшылар антидопингтік сынамадан өтуі тиіс. 

"Канело" WBC ұйымымен еш байланысы жоқ болса да, Golden Boy Promotions боксшыларды VADA ұйымының допинг сынамаларынан өтіп тұрады. Допинг сынамасының қорытындысы бойынша, екі боксшының ағзасынан да рұқсат етілмеген сынама табылмады. 

Еске салайық, боксшылар арасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Головкин мен Альварестің менеджерлері 2018 жылы мамырда екінші кездесуді өткізу үшін келіссөздерін бастап кетті. 

Los Angeles Times мәліметінше, Головкин — Альварес жекпе-жегі PPV сатылымдары бойынша 1,3 миллион жинаған. Бұл қазақстандық боксшы үшін ең рекордтық көрсеткіш. Алайда НВО арнасы әзірге нақты сандарды шығарған жоқ. 

Сонымен қатар Головкин — "Канело" жекпе-жегі бокс тарихында билеттер сатылымы бойынша үздік үштікке енді. Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметі бойынша, бұл кездесуге 17 318 билет сатылған. Жалпы, бұл билеттердің сатылымынан 27 059 850 доллар пайда түскен. Тағы 934  билет тегін таратылған.

Жалпы билеттердің сатылымы бойынша қазіргі уақытта бірінші орында 2015 жылдың 5 мамыр күні өткен кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу көш бастап тұр. Бұл жекпе-жектің билеттері 72,2 миллион долларға сатылған. Екінші орында 2017 жылдың 26 тамызында өткен Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесу орналасқан. Ұйымдастырушылар бұл шоудың билеттерін 55,4 миллион долларға сатыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу