Головкин мен Альварестің жекпе-жектен тапқан табысы есептелді

1016

Головкин мен Альварестің жекпе-жектен тапқан табысы есептелді

Невада штатының спорттық комиссиясы (NSAC) 17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі сатылған билеттерден түскен табысты жариялады, деп хабарлайды vesti.kz.
Головкин мен Альварес жекпе-жегін тамашалауға T-Mobile Arena аренасына келушілер саны бойынша рекорд орнатты.
Жекпе-жекке 17 318 билет сатылған, бұл ұйымдастырушыларға 27 059 850 доллар пайда әкелді. Головкин - Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек.
"Головкин - Альварес жекпе-жегін бокс тарихындағы ең кассалық кездесу деп айтуға әбден болады. Ақылы трансляциялар (PPV) көрсеткіші әлі жарияланған жоқ, болжаммен ол бір миллионнан асады. Жалпы кіріс - PPV, билеттер, демеушілер, халықаралық құқық - 100 миллион доллардан асады. Бұл реванш өткізуге лайықты аргумент", - деп жазады FSNews.
Осыған дейін Головкин мен Альварестің тапқан табысы туралы Daily Mail басылымы жазған еді. Басылым мәліметінше, қазақстандық боксшы - 25 миллион доллар, мексикалық - 35 миллион доллар.
Сонымен қатар, испаниялық танымал Marca.com басылымы ақылы көрсетілімнен түскен қаражатты болжаммен есептеп шығарған еді. Олардың айтуынша, ұйымдастырушылар жекпе-жектен 100 миллион доллар табыс тапқан. НВО арнасы PPV көрсетілімдері 2 миллионнан асатынын болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу