Головкин мен Джейкобс гонорарды өзара қалай бөлісті?

593

Головкин мен Джейкобс гонорарды өзара қалай бөлісті?

Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобстың ертеңгі жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды.

Отандасымыз бұл кездесуде 2,5 млн, ал қарсыласы 1,75 млн доллар алады. Жекпе-жек HBO телеарнасында ақылы түрде (РРV) көрсетіледі. РРV жүйесінен түсетін табыстың да бір бөлігі боксшыларға бөлінеді.

Бүгін боксшылар жекпе-жек алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Геннадий Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 кг), ал Дэниэл Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) тартты.

Естеріңізге саламыз, бокс кеші ертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Қазақстан халқы жекпе-жекті таңертең "Қазақстан" және "Kazsport" телеарналарынан тамашалай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу