Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Лёффлер FightHub берген сұхбатында мексикалық Саул Альварес "Канело" (48-1-1, 34 КО) командасымен болашақтағы айқасқа қатысты келіссөз жайлы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Қазір біз Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жекке қызу дайындалып жатырмыз. Геннадий оны наурызда жеңетін болса, Канело мамырдағы жекпе-жегінде қарсыласынан басым түссе, онда олардың қыркүйектегі айқасы жөнінде сөз қозғауға болады. Біз жекпе-жек ұйымдастырамыз деген сенімдеміз. Жеке өз басым, бұл кездесу осы жылы болады деген ойдамын", - деді Т.Лёффлер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу