Головкин мен "Канелоның" үшінші айқасы бойынша келіссөздер басталды

593

GGG мен "Канелоның" алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен еді. Бірінші айқас даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншіде төрешілер жеңісті Альвареске берді.

Головкин мен "Канелоның" үшінші айқасы бойынша келіссөздер басталды

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі бойынша келіссөздер процесінің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мексикалық жақ айқасты  Лас-Вегаста "Синко де майо" мекересінде демалыс күні өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бұрын олар "Канелоның" рингке 4 мамырда оралатынын мәлімдеген еді. 

"Кеше Головкиннің адамдарымен алдын ала келіссөздер өткіздім. Біз "Синко де майо" мерекесінде үшінші жекпе-жек өткізуді ұсындық. Бұл Лас-Вегаста бокс үшін маңызды дата. Сондықтан, біз келіссөздерді бастаймыз. "Канело" кез келген боксшымен айқасуға дайын. Олардың үшінші жекпе-жегі - жақсы мүмкіндік. Келіссөздер басталды, соңы не болатынын көреміз", – деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұхбатында.

Еске салайық, GGG мен "Канелоның" алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен еді. Бірінші айқас даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншіде төрешілер жеңісті Альвареске берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу