Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) британ боксшысы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Осыған дейін қос боксшының арасындағы жекпе-жек 17 маусым күні EXPO-2017 көрмесінің аясында Астанада өтетіні хабарланған. Геннадийдің абсолютті чемпион болуы үшін тек WBO белбеуі ғана жетпейді. Ол Билли Джо Сондерске тиесілі. Жақында екі тарап жекпе-жек жөнінде келіссөз өткізеді.
"Орта дивизиондағы барлық белбеулерге ие болуды армандаймын. Осы мақсатыма жету үшін бір қадам ғана қалды. Сондерспен айқасым Қазақстанда өтеді деп үміттенемін", - деп жазады The Sun басылымы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу