Головкин Мессиге былғары қолғабын тарту етті

802

Головкин Мессиге былғары қолғабын тарту етті

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Аргентина құрамасы мен "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы футболшыға қолғабын сыйлады. Кездесу Барселонада ортақ демеуші - әлемдегі алғашқы Finney блокчейн-смартфонын таныстыру кезінде өтті. Бұл смартфонды жасаушы Sirin Labs швейцариялық-израильдік компаниясы. Ал оның директорлар кеңесінің төрағасы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев. 

Мұның алдында Головкин "Реалға" жанкүйер екенін айтқан және сүйікті футболшысы ретінде Криштиану Роналдуды атаған. "Ювентустың" португалиялық форварды мен қазақстандық боксшы Instagram желісінде бір-біріне жазылған. 

Айта кетейік, Головкин боксқа келмей тұрып футболмен айналысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу