Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс жекпе-жегі 17 шілде күні Астанада өтетін болды. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықбаев мәлім етті.
"Геннадий Головкин 17 шілде күні Астанада британиялық боксшы Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіреді. Бұл кездесу "Астана Арена" кешенінде өтеді. Алдын-ала келісімшарт дайын. Алдағы 1-2 аптаның ішінде барлығы ресми түрде жарияланады", – дейді Берік Маржықбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу