Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің жанкүйерлеріне "Мен және бокс" деректі фильмін көруді ұсынды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
"Ертеңнен бастап барлық Golden Boy Promotions платформаларында көрсетілетін "Мен және бокс" фильмін көріңіздер!", – деп жазды GGG Твиттерде.
Мексикалық Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя шығарған қысқа метражды фильм пресс-тур аясында Лондонда, Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте көрсетілген болатын. Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Айқастың фавориті Геннадий Головкин болады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу