Головкин WBO чемпионынан жекпе-жекке ресми ұсыныс алды

621

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы саналған жапон боксшысы Риота Мурата (14-1, 11 КО) WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы "тұрақты" әлем чемпионы титулын қорғай алмай қалды. 

Головкин WBO чемпионынан жекпе-жекке ресми ұсыныс алды

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн қамқорлығындағы боксшы Сауль Альвареспен де, Геннадий Головкинмен де айқасқа дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сауль Альварес 11 жекпе-жек өткізу үшін DAZN, 11 платформасымен келісімшартқа қол қойған. Сондықтан Андрадемен айқастан қашып құтылу мүмкін болмайды, ол Андрадемен кездесуге тиіс. Сондай-ақ Деметриус Геннадий Головкинмен де жекпе-жекке дайын. Бұл, Головкин үшін қайта әлем чемпионы атану үшін жақсы мүмкіндік. Сондықтан оған келіскен жақсы. Бұл, жақсы айқас болады",  -деді Эдди Хирн FightHype-тің YouTube-каналына жүктелген сұхбатта.

Андраде өткен түнде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол Уолтер Каутондоквадан басым түсті.

Еске салайық, Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы саналған жапон боксшысы Риота Мурата (14-1, 11 КО) WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы "тұрақты" әлем чемпионы титулын қорғай алмай қалды. Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) америкалық Роб Брантке (23-1, 16 КО) қарсы өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу