Головкиннің 2017 жылға жоспары

516

Головкиннің 2017 жылға жоспары

АҚШ-тың атақты бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) алдағы жоспарын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шолушы Том Леффлермен сұхбаттасып, ESPN телеарнасында былай деп мәлімдеді: "Бүгін Лондонда Том Леффлермен сөйлестім, ол маған Геннадий Головкиннің маусымда жоспарланған жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Ендігі кезекте Головкин "Канело" – Чавес кездесуінің жеңімпазын күтеді".

Айта кетейік, бұған дейінгі жазбасында Дэн Рафаэль Головкиннің Сондерспен маусымға жоспарланған жекпе-жегінің болмайтынын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу