Британияның танымал The Mirror басылымы алдағы жылы көрермендер асыға күтетін үздік жекпе-жектер тізімін жасады. Оның ішінде Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші айқасы да бар, деп хабарлайды Sports.kz.
"Геннадий Головкин жеңілістің ащы дәмінен соң еңсесін көтеруге толық құқы бар. Оған екі жекпе-жектен кейін алты төрешінің тек біреуі ғана жеңіс парағын берген. Оның өнерін бұдан ары қатыгездікпен бағалау мүмкін де емес шығар. "Канелоның" промоутері Оскар де ла Хойя үшінші жекпе-жекті кешіктіре беру оған деген қызығушылықты арттырады деп санайды. Олар үшінші кездесуді өткізген дұрыс шешім деп санайтын шығар", - деп жазады басылым.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі күмәнді тең нәтижемен аяқталған болатын. Ал екінші жекпе-жекте төрешілердің көпшілігі жеңісті "Канелоға" берген.