Головкиннің қарсыласы қанша алады?

974

Камил Шеремета ақша емес, нәтиже маңызды екенін айтты. 

Головкиннің қарсыласы қанша алады?

Орта салмақта IBF, IBO тұжырымдары бойынша бокстан кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2020 жылдың ақпан немесе наурыз айында өткізеді.

Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің мәлімдеуінше, Геннадий Головкин IBF белбеуін қорғап, поляк Камил Шереметамен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, GGG 2020 жылы екі жекпе-жек өткізеді деген болжам бар. Ол IBF белбеуін сәтті қорғаса, қыркүйек айында мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшіші рет кездесуі мүмкін. Бұған DAZN стримингтік платформасы мүдделі болып отыр. Себебі олар дәл осы жекпе-жектен қыруар қаржы түсетінін біледі.

Естеріңізге салайық, 2017 жылы қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Канело Альварес рингте алғаш рет кездесіп, тең нәтиже көрсетті. 2018 жылы қыркүйекте GGG-дің қарсыласы төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды.

Айтпақшы, Камил Шеремета Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жегінен 260  мың доллар ақша алатын көрінеді. Бұл туралы ол: "Мені ақша қызықтырмайды. Маған жекпе-жектің нәтижесі маңызды", – депті.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу