Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Лас-Вегаста сағат өндіретін швейцариялық Hublot бутигінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды vesti.kz.
Головкин люкс санатындағы сағаттарды шығарушы әлемдік танымал брендтің ресми ең жоғарғы дипломатиялық елшісі. Ол биылдан бастап осы компаниямен жұмыс істеп келеді. Ол өзін қолдаушы компанияға алғыс білдірді.
"Рақмет сізге, Hublot, сіздің менің жағымда болғаныңыз үшін. Спорт үшін керемет қолдау", - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.
Көктемде қазақстандық боксшы Hublot компаниясының жаңа коллекциясының таныстырылымына қатысты. Кейінірек компания Головкиннің құрметіне арнайы сағат шығарды.