Головкиннің алдағы жұдырықтасудан қанша пайда табатыны болжанды

973

Головкиннің алдағы жұдырықтасудан қанша пайда табатыны болжанды

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) америкалық Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы кездесуде қанша табыс табатыны анықталды, деп хабарлайды vesti.kz.
USA Today мәліметі бойынша, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин 2 мен 3 миллион доллардың көлемінде табыс табады екен. Өйткені, оның жекпе-жегі НВО арнасында ақылы жүйе арқылы емес, тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ басылымының жазуы бойынша, егер GGG қыркүйек айына дейін "Канелоны" күтетін болған болса, шамамен 30 миллион доллардай табыс табуы мүмкін болған екен. 
Бұған дейін ESPN Deportes басылымының тілшілері Головкин мен Альварес арасындағы кездесу өтпейтініне байланысты 250 мың доллардан айырылғанын жазып еді. 
Дегенмен де Головкин әлі де болса "Канеломен" кездесуді өзінің басты мақсаттарының бірі етіп отыр. Өз кезегінде Альварес те қыркүйек айында отандасымызбен кездесуге ниетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу