Головкиннің медальдар жиынтығы

997

Головкиннің медальдар жиынтығы

Boxing Exposure порталы Қазақстан кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) медальдары мен наградалар коллекциясын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Орта салмақтың патшасы Геннадий Головкиннің медальдар жиынтығы (The medal collection of Middleweight King Gennady Golovkin)", – деп жазыпты портал.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 37 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті, 33 қарсыласын мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, отандасымыз орта салмақтағы ең үздік нокаутшы атанған.

Әуесқой бокста Головкин 350 жекпе-жек өткізген. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 2003 жылы әлем чемпионатында финалист атанды, ал 2004 жылы өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу