Головкиннің міндетті қарсыласы бекітілді

815

GGG польшалық боксшымен қолғап түйістіреді. 

Головкиннің міндетті қарсыласы бекітілді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта чемпионы Геннадий Головкинді титулын қорғауға міндеттеді. Vesti.kz ақпаратына сәйкес, бұл туралы промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мәлімдеген.

IBF титулы үшін Головкинге міндетті қарсылас польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) белгіленді. Жекпе-жек ақпан айының 8-і немесе 29-ы күні, яки наурыз айының басында Чикаго қаласында өтеді. Бұдан бұрын Головкин осы қаладағы Wintrust аренасын жалға алып қойғаны хабарланған болатын.

"Головкинмен келесі аптада, бейсенбі күні жүздесеміз. Келесі жекпе-жек туралы сөйлесеміз. Головкиннің міндетті қарсыласы Камил Шермета. IBF бұл кездесуге санкция берді", - дейді Эдди Хирн FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Мұның алдында Головкин мен Шеремета жекпе-жектің қаржылық жағын келіскені хабарланған еді. Айта кетерлігі, польшалық боксшы GGG-мен өтетін жекпе-жек үшін өзінің спортшы мансабындағы ең үлкен гонорарын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу