Головкиннің промоутері Мэйвезерге қатысты шындықты айтты

692

Леффлер кіші Флойд Мэйвезерді мысал ретінде келтірді.

Головкиннің промоутері Мэйвезерге қатысты шындықты айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер твиттерде GGG Андре Уордпен жекпе-жектен қашты деп мәлімдеген бокс жанкүйеріне жауап берді. Леффлер кіші Флойд Мэйвезерді мысал ретінде келтірді, деп жазады prosports.kz.

- Флойд Андремен 160 фунтта, ал GGG-мен 154 фунтта жұдырықтасушы едім деген кезде оны жұрт жалтарды деп айыптады. Бірақ Флойд "Канеломен" 152 фунтта жолығып, бокстағы ең үлкен жекпе-жекті өткізді. Қазір GGG "Канеломен"160 фунтта бокстағы ең үлкен жекпе-жекті өткізіп жатыр. Сондықтан ондай мәнсіз әңгіме айтудың қажеті жоқ, - деп жазды Леффлер.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу